• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қараша, 2018

Солтүстік Қазақстанда  заманауи көкөніс қоймасы іске қосылды

416 рет
көрсетілді

Облыс орталығында жыл бойы көкөніс сақтауға арналған заманауи қойма пайдалануға берілді.

Осы кезге дейін  4 қойма жұмыс істеп келгенімен,  тозығы жеткен және көкөніс сақтаудың талаптарына сай емес. Мемлекет қолдауының арқасында Дмитрий Шарапаев жетекшілік ететін «Радуга» ЖШС-і сыйымдылығы екі мың тонналық жаңа көкөніс сақтау қоймасын тұрғызды. Бұл өңірдегі көкөністерді бөліп сақтауға арналған алғашқы заманауи қойма болып табылады. Ол соңғы үлгідегі желдету және суыту жүйелерімен толық қамтамасыз етілген. Чехиялық  тоңазытқыштар түгелімен автоматтандырылған.  Осының арқасында көкөніс өнімдерін, оның ішінде тұрақтандыру қорының өнімін сапалы әрі ұзақ сақтай алады. Бүгінде 800 тонна  картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат жеткізілген.

Заманауи қойманың мүмкіндіктерімен танысқан аймақ басшысы Құмар Ақсақалов жүзеге асырылған жобаның стратегиялық маңызын атап өтті. Сауда нүктелеріне көкөніс үзбей жеткізіліп, қысқы және көктемгі мезгілдерде көкөніс бағасының негізсіз өсуіне, делдардардың араласуына жол берілмейді.

«Ескі қоймалардың мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, көкөніс наурыз айына дейін ғана сақталатын. Қор таусылғаннан кейін бағаның өсуі байқалатын. Енді көкөніс өнімдерін шілде айына дейін сақтай аламыз.  Бағаны тұрақтандырудың өзге де жолдары қарастырылатын болады», дейді Қ. Ақсақалов.

Биыл жарты миллион тоннаға жуық картоп жиналды. 110 мың тонна көкөніс алынды. Келесі жылы көкөніс алқаптары тағы да ұлғайтылмақ.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы